Жапония жағалауында Шыңғысхан немересінің кемесі табылды

Ғалымдардың деректерінше, кеме Шыңғысханның немересі Құбылай хан басқарған моңғол армадасының құрамында болған. 1281 жылы болған дауыл салдарынан Жапония жағалауының маңында батып кеткен. Кеме өлшемдері: ұзындығы 12 м және ені 3 м.

Бұл осы күнге дейін анықталған моңғолдардың Жапонияға шапқыншылығына қатысқан екінші кемесі. Алғашқысы 2011 жылы табылған.

«Алдағы уақытта зерттеулер нәтижесінде тағы да батып кеткен моңғол кемелерін табылады деген ойдамыз», - дейді зерттеу жұмыстарының басшысы Рюкю Университетінің өкілі Йошифуми Икеда.