Жапонияда 15-қыркүйектен бастап бүкіл атомды реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылатын болады, деп хабарлады сейсенбіде жапондық БАҚ.
Фукуи префектурасында "Ои" АЭС-да жұмыс істейтін жалғыз екі атомды реактор жоспарлы тексеру жүргізу және техникалық қызмет көрсетілуі үшін келесі айда жабылады.
2011 жылы наурыз айында "Фукусима-1"-де болған апатқа орай бүкіл 50 реактор 2012 жылы мамыр айында тексеру жүргізу үшін тоқтатылған болатын.
"Ои" АЭС-да екі блоктың жұмысы өткен жылы шілде айында қайта басталған, деп атап өтеді БАҚ.
Сонымен, 14 айда алғаш рет Жапонияда бірде-бір ядролық реактор пайдалануда болмайды.