Жапонияда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, жапа шеккендер бар

Алдын ала болжам бойынша кем дегенде 3 адам өміріне қауіп төндіретін жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жер сілкінісі салдарынан жолдар бүлініп, көлік қозғалысы бұзылды.

Мамандар жер сілкінісінің ошағы елдің солтүстік батысында, шамамен 60 шақырым тереңдікте болғанын мәлім етті.