Жапонияда 900-ге жуық адам зардап шеккен

Жапония метеорологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес, төменгі қысым аймағында тоғыз сағат ішінде сегіз сантиметр қалыңдықта қар түскен, бұл осы аудан үшін 2006 жылдың қаңтарынан бергі рекордтық көрсеткіш болып табылады. Эн-Эйч-Кей ұлттық телерадиотарату корпорациясы мәлімдегендей, 900-ге жуық адам Токио мен оның маңында жарақат алған, олардың көбісі соқпақ жолдарда тайып жығылған жаяу жүргіншілер және апатқа ұшыраған көлік жүргізушілер.

Токионың негізді темір жол тораптары өз жұмысын қалпына келтірді, алайда темір жолдың көптеген учаскелері қар тазалауға байланысты жабық.
Сейсенбі таңертеңге шаққанда, жапон әуе компаниялары жалпы 37 ішкі бағытын тоқтатқан, ал ондаған өзге бағыттар кейінгі шегерілді.