Жапонияда әйел ескі жиһаздан 15 мың доллар тауып алды


Сатып алушы бұл туралы полицияға хабарлаған, деп жазды Mignews. Құқық қорғау органдары ақшаны бұрынғы иесі ұмыт қалдырған деген болжаммен оны іздестіріп жатыр.

Жапония заңнамасына сәйкес адам қолма-қол  ақша тауып алса, полицияға тапсыруға міндетті. Егер оны жоғалтқан адам табылмаса, үш айдан кейін ақшаны иелене алады.