Жапонияда алапат өрт болып, 140 үй жанып кетті

Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен он сағат бойы арпалысты, деп хабарлайды НТВ телеарнасы NHK телеарнасына сілтеме жасап. Секундына 24,2 метр жылдамдықпен соққан жел олардың жұмысын қиындатып жіберген. Қатты жел тұрғандықтан кей жерлерде жалын 300 метрге дейін көтерілді.  

Қазіргі мәлімет бойынша, өрт салдарынан екі тұрғын зардап шеккен. Кісі өлімі туралы ақпарат жоқ. Тек белгілісі, қызыл жалын 140 үйді жайпап өтті. Бұл соңғы 20 жылдағы жер сілкінісі немесе цунами себеп болмаған ең алапат өрт екен.