Жапонияда аптап ыстықтан 340 адам көз жұмды

Жапонияда маусымның бірінен бері аптап ыстықтан кем дегенде 338 адам көз жұмды.


           Жергілікті Эн-эйч-кей телеарнасының хабарлауынша, олардың 78 пайызға жуығы алпыстан асқан қарттар. 15 пайызының жасы 30 бен 50 аралығында.
           Соңғы деректерге сүйенсек, басынан күн өтіп ауруханаға түскендер саны 53 мыңнан асып кеткен. Оның 4100-ден астамы Токио қаласының, Осака және Айти префектураларының тұрғындары.
           Тамыз айында мұнда ауа-райы 41 градусқа дейін ысыды.