Жапонияда 73 жастағы тұтқынға қатысты өлім жазасы жүзеге асырылды.
Жапония Әділет министрлігі өкілінің айтуынша, Токухиса Камугаи 2012 жылы қытай кварталындағы мейрамхана қожайынын өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген болатын.
«Біз өлім жазасын жүзеге асырмас бұрын істі мұқият тексеріп, зерттеп шықтық», - деп мәлімдеді С.Танигаки.
Бұл осымен биылғы жылы орындалған алтыншы өлім жазасы болып отыр.
Қазір жапон түрмелерінде ең жоғарғы жазаға кесілген 132 қылмыскер отыр.
Жапонияда өлім жазасына кесілгендер дарға асылады және туыстарына алдын-ала хабарланбайды.