Жапонияда ірі мейрамханалық компанияның басшысын өлтірген

Т.Охигасиге оқ Gyoza no Ohsho мераймханалар желісі тиесілі Ohsho Food Service компаниясының штаб-пәтері жанындағы көлік тұрағында атылған. Полициядан атап өткендей, бизнесмен жақын ауруханаға жеткізілгенмен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Оқ кеудесі мен арқасына тиген.

1967 жылы құрылған компания "Геза" деген қуырылған түшпәрасымен танымал болған еді. Жапонияда бұл желінің 660 кафесі бар.


Әзірге киллердің кім екендігі анықталған жоқ.