Жапонияда пойыз жүк көлігімен соқтығысып, 1 адам қайтыс болды


Салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 67 жастағы пойыз машинисі екен. Бұған қоса, апаттан 30-дан астам адам зардап шеккен. Оқыс оқиға теміржол өткелдерінің бірінде болды. Қатты соққыдан пойыз рельстен шығып кеткен, ал жүк көлігі өртке оранған. Қазір төтенше жағдай орын алған жерде шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда.