Жол апаты, тау ішіндегі жолда орын алған. Автобуста 41 адам, оның екеуі көлік жүргізушісі болған. Болжам бойынша, автобус Каруидзава курортына жақындап қалған тұста жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 3 метр биіктен аударылған.
Апат таңға жуық болғаны, алайда ол кезде жол тайғақ болмағаны хабарланды.
Жапонияда соңғы жылдары бірқатар жол-көлік апаты жүргізушінің қалғып кетуінен болған.