Жапонияның Метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, магнитудасы 6,8 балл болатын жер сілкінісі түн ортасы ауа Иватэ жағалауынан шамамен 100 шақырым жерде, Токиодан солтүстікке қарай 450 шақырым жерде болды.
Кем дегенде 99 адам зілзаладан зардап шеккен. Басым бөлігі үйінді астында қалып, сынған әйнектерден жарақаттанды. Алайда, ұлттық полиция агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқан ешкім жоқ. Алдын-ала мәліметке сәйкес, 8 мыңнан астам үй толық немесе жартылай қирады.