Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Жер сілкінісінің кіндігі Ішкі Жапон теңізінде Хонсю, Кюсю және Сикоку аралдарының ортасында орналасты.
Зардап шегушілердің басым бөлігі сөрелердегі заттардың үстеріне түсуінен, жердің тербелуінен құлап, жарақаттанған.
Апат салдарынан Хиросимадағы 8 мың үйге электр қуатын беру бірнеше сағатқа тоқтатылған. Сондай-ақ автомагистральдардағы көлік қозғалысы да шектелген.