Жапонияда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті


"Тобудзе" темір жол желісі бойынша екі жаққа  да қозғалыс уақытша тоқтатылды. Қазіргі сәтте  он вагонның бесеуі не себептен рельстен шығып кеткені жайлы ақпарат таратылмады. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Барлық жолаушылар сәтті эвакуацияланды.