Өткен аптамен салыстырғанда науқастар саны 1791 адамға азайды, Жапония аумағындағы температура да төмендеді. Алайда, бірнеше аймақта термометр тілі 30 градустан түспей тұр. Өткен аптада ыстық ауа райынан үш адам қайтыс болған, деп хабарлауда ТАСС агенттігі.
Жапония метеорологиялық басқармасы Тынық мұхитындағы Эль-Ниньо және Ла-Нинья климаттық құбылыстардың әсерінен биылғы жаз өте ыстық болады деп болжауда. Шілденің аяғы мен тамыз айының басында жаздың ең ыстық ауа райы болады деп күтілуде.
Өткен жазда Жапонияда аптап ыстықтан 53 мың адам ауруханаға түсіп, 100-ден астам адам көз жұмған еді. Жапондық метеорологтар халықты күн астында ұзақ жүрмеуге, бас киім киіп, сұйықтықты көп ішуге кеңес беруде.