Жапониядағы тоннельде шыққан өрттен 63 адам жараланды

Хиросима префектурасының жоғары жылдамдықпен жүруге арналған күре жолында ірі апат болды. Онға жуық көліктің қатысуымен болған апат салдарынан жол өтетін тоннельде өрт шыққан, деп хабарлайды NHK. Соңғы ақпаратқа сәйкес, оқиға барысында 2 адам қаза тапқан. Қазіргі уақытта апат болған жерде шұғыл әрекет ету қызметтері жұмыс жасап жатыр.