Нагаи Дзундзи нысанаға тұрып атудан екі рет мүлт кетіп, 1 сағат 41,2 секунд нәтижесін көрсетті. Ол барлық бақылаушы межелерде бірінші нәтиже көрсетіп келді.
Жеңімпаздан 1 минут 12,8 секундқа қалып қойған қытайлық Жень Лон (Ren Long) екінші орын алды.
Қытайлық тағы бір спортшы Ли Чжонхай (Li Zhonghai) қола алды, оның нәтижесі - 2 минут 13,1 секунд.
Қазақстандықтар Николай Брайченко мен Александр Червяков 6 және 7 орын алды.