Жапонияны дүлей дауыл жайпап өтті


Сондай-ақ, елдің оңтүстігіндегі 2 миллионнан астам тұрғынға қауіп төніп тұр. Билік оларды қауіпсіз орынға көшіру жұмыстарын жүргізуде. Елдің есін шығарып, әбден әуре-сарсаңға түсірген тайфунның салдарынан 100 мыңдаған үй электр жарығынсыз қалып,мектептер мен жоғарғы оқу орындарында сабақтар тоқтатылды. Сондай-ақ, ішкі және сыртқы бағыттарға қатынайтын ұшақтар қаңтарылып тұр. Кейбір өзендер арнасынан асып жол мен үйлерді басып қалған. Мұндай қатты дауыл Жапонияның оңтүстік бөлігінде өткен аптаның аяғында басталған. Синоптиктердің хабарлауынша, енді дауылдан кейін бір айлық көрсеткіш көлемінде жауын жауады.