Жапонияны жеңгеніне 70 жылдығын Қытай үлкен әскери шерумен атап өтті

Әлемдегі жиырмаға жуық мемлекеттің қорғанысы, қарулы күші жиналған шеруді көруге бірнеше елдің басшылары келген. Қытай төрағасы Си Цзиньпин әр президентті жеке-жеке қарсы алып, қонақтарын орындарына  өзі жайғастырды. Қазақстан Қытайдағы шеруге Аэроұтқырлар әскерінің құрметті қарауыл ротасынан іріктеп 80 жуық сарбазды жіберіпті. Біздің жауынгерлер Бейжіңге бірнеше күн бұрын келіп, АҚШ, Франция, Ұлыбританиялық әріптестерімен бірлесе әбден жаттыққан. Сөйтіп, сымдай тартылған сарбаздар Тяньаньмэнь алаңынан жетінші болып  жүріп өтті.

Loading...