Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Денис Теннен кешірім сұрады

Федерация қазақстандық спортшы мен Юдзуру Ханюдің арасында соқтығыстың болмағандығын және өзге де айыптаулардың жоқтығын растады. Сондай-ақ федерация Денис Тенге қатысты жаза қолдануды сұрамақ болғандығын теріске шығарды. Артынша Юдзуру Ханю Денистен кешірім сұрап, спортшылар қол алысты, деп хабарлайды ВКонтакте желісінде Денис Теннің жанкүйерлер клубы.