Жапонияның танымал каллиграф-шебері астаналықтарды көркем жазудың әдіс-тәсілдеріне үйретпек

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Жапон Елшілігінен хабарлады.

«Жапондықтардың сұлулық пен рухқа қатысты көрінісі» тақырыбында өтетін жапон каллиграфиясы бойынша шеберлік сабақ Жапон қорында Тіл орталығының ашылуына орайластырылып отыр.

Көркем жазудың әдіс-тәсілдеріне Жапонияның танымал каллиграф-шебері Марико Кинощита үйрететін болады.

Жапон каллиграфиясы - жазба өнерінің түрленген жүйесі ғана емес, сондай-ақ терең философиялық мағынаға ие өнер түрлерінің бірі. Шеберлік сабақ аталмыш өнер түрімен жақынырақ танысуға және жапондық жазба өнеріне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.

Іс-шара 25 қазан күні Қазақ Гуманитарлық заң университетінде өтеді.

Жапон Елшілігі шеберлік сабаққа адамдардың шектеулі саны ғана қатыса алатындығын ескертіп, алдын ала аккредитациядан өту қажеттігін хабарлады.