Осы және өзге де сұрақтар жайында білу үшін Caravan.kz медиа порталының тілшісі экономист Мақсат Халықпен сұхбаттасты.
- Мақсат мырза, қазіргі елдегі жағдайды білесіз. Алматыдағы бүліктен кейін үлкен шығынға ұшырадық. Осындай шығыннан кейін елімізде экономикалық жағдай қалай болмақ? Бұл жағдай елімізді банкротқа алып келмей ме?
- Иә, үлкен шығынға кенеліп отырмыз, әсіресе Алматы қаласы. Қазір бизнеске келтірген шығынның өзі 100 миллиард теңгеден асып кетті. Бірақ ол тек бизнеске емес, сонымен қатар мемлекеттік маңызы бар мекемелерге де, ғимараттарға да нұсқан келтірілді. Ауруханаларға да зиян келтірілді. Сондықтан бұл шығындар әлдеқайда көп. Келтірілген шығындарды өткен жолы президент екі жарым миллиард долларға жетуі мүмкін екенін айтты. Ал енді екі жарым миллард доллар бұл - үлкен қаражат екені сөзсіз. Бірақ бұл елімізді банкротқа алып келетіндей қаражат емес. Мұндай қаражатты табуға мүмкіндігіміз бар. Ұлттық қорымызда да 55 миллиард доллар қаражатымыз бар. Сондықтан да бұл шығынды өтеуге белгілі бір дәрежеде мүмкіндігіміз бар. Бірақ бұл жағдай банкроттықтан бұрын, елдің экономикасына сілкініс жасайтын әсер болды. Өйткені, уақыттың келіп жеткендігі әлеуметтік шиеліністен басталғанына үңілетін болсақ, демек елдегі экономикалық саясатты өзгерту керек екенін меңзейді. Демек, өткен жолы президент атап өтті. Біз әлеуметтік бағдарланған артық экономикасы бар мемлекет құруымыз керекпіз деп. Нарықтың экономиканың кемшін тұсы бар. Ол, қоғамды кедейлер мен байларға бөліп тастайды. Сондықтан да әлеуметтік бағдарланған артық экономика болмаса байлар байып, кедейлер кедейлене береді. Мұндай тенденция жалғасын таба беретін болады. Сондықтан үкіметтің негізгі функциясы осы жерде экономиканы барынша әлеуметтік сипатқа қарай бұру, халықтың мүддесін, халықтың өмір сүру салтын арттыруға қарай бағдарлау болып табылады. Сондықтан да қазіргі уақытта экономикалық саясатта өзгерістер болады деп үміттенеміз. Екінші кезектегі ең маңызды дүние бұл халықтың әл-ауқатын жақсарту. Халықтың табысын арттыру, жұмыссыз жүрген халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Мінекей, ең негізгі шешілу керек мәселелер осы деп білемін. Яғни, ең төменгі күнкөріс бойынша, ең төменгі жалақы бойынша есептемелерді қайта жүргізіп, нарықтағы ең төменгі күнкөріс жиегін 70 мыңға дейін көтеретін уақыт жетті деп ойлаймын және де төменгі жалақының өзі 80 мың теңгеден кем болмауы керек. Осы мәселелерге есептемелерді қайта тексеріс жүргізу керек деп ойлаймын. Сонда, елімізде ең төменгі жалақы 80 мың теңге болатын болса, онда көп төмен табыс тауып жүргендердің табысы артады деген сөз. Осындай мәселелерге көбірек көңіл бөлу керек. Сонымен қатар, мұғалімдердің, дәрігерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға мемлекеттің мүмкіндігі бар. Осы мәселелерге көңіл бөліну керек деп есептеймін. Егер бұл секторлардың жалақылары артатын болса, онда жеке сектор да құр қарап отырмайды. Олар да білікті мамандарын ұстап қалу үшін табыстарын арттыратын болады. Осы мәселерге басты назар аудару керек деп есептеймін.
- Жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қабылданатынын президент айтқан болатын. Бұл заң қанша уақытта қабылданады деп ойлайсыз?
- Халықтың әлеуметтік жағдайының қиын болу себебі бұл азаматтарымыздың қарызға батуы.Несие үстіне несие алу дегендей. Оның негізгі шешуі жолы - жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қабылдануы. Сондықтан да бұл заңды қабылдау қажет деп есептеймін. Және де бұл заңды қабылдау процессі осы жылдың ішінде жүзеге асуы тиіс.
- Жеке тұлғаның банкроттығы туралы адам өзін жариялаған кезде, ол несиесін төлемесе бола ма әлде қалай?
- Жеке тұлға өзін банкрот деп жариялаған кезде, бірінші кезекте барлық айыппұлдары, пайыздары бәрі тоқтатылады. Негізі қарыз төлеу бойынша мәселе туындайды. Ол заңда қалай көрсетіледі, соған байланысты. Үй кепілдікке қойылды делік, ипотекаға алынған. Ондай жағдайда жалғыз баспанасынан айырылмай, оны міндетті түрде қалдыру керек болады және де ол азаматтарға арнайы шот ашылады. Қазіргі уақытта сот орындаушылары, коллекторлар азаматтардың шоттарын бұғаттап тастайды. Нәтижесінде, азаматтар мүлдем қиын жағдайға тап болады. Мұндай жағдайда арнайы шот ашылады және оған еңбек ақысы түсіп отырады. Егер балалары бар болса, баласына қарай шығындар есептеліп отырады. Соның үстіндегі қаражатты ғана банкке аудару мәселесі қарастырылады. Яғни, сол қарызды өтеу бойынша. Мінекей, осындай маңызды мәселелер бар. Адамдар қатты депрессияға салынып, қайда, кімнен көмек сұрайтын жағдайға тап болмайды. Ең бірінші кезекте өзінің азаматтарын қорғауын бір негізгі жолы деп білемін. Сондықтан да мұндай заң бізге қазіргі кезде қатты қажет болып тұр.
- Банкрот болып танылған жеке тұлға ИП да, ТОО да аша алмайды, мемлекеттік қызметке тұра аламайды деседі. Бұл қаншалықты рас?
- Бұл заңды жан-жақты қарастыру керек деп білемін. Бұл заңның қалай қабылданатынына байланысты. Сондықтан да бұл жұмыс үстелінде жан-жақты қарастырылу керек деп есептеймін. Меніңше, жеке кәсіпкерлікпен кейін айналысуына, жеке шаруашылығын жүргізуіне мүмкіндік берілу қажет деп ойлаймын. Бірақ ол азаматтар банкрот деп жарияланғандықтан екінші мәрте несие алмайтын жағдай болады. Осындай талаптар қойылуы мүмкін. Сонда, екінші рет банкке барып, несие алу процессі тоқтайды.
- Қазіргі Жаңа Қазақстанда экономикалық жағдайда елге қандай өзгерістер керек? Қандай ұсыныстар айтар едіңіз?
- Біз бағдарланған нақты экономиканы құру керекпіз. Өйткені, нарықтық экономиканың ең бір кемшілік тұсы бар. Ол қоғамды байлар мен кедейлерге бөліп тастайды. Байлар байи береді, кедейлер кедейе береді. Арада алқшақтық алшақтай береді. Егерде үкімет нақты араласып, осы арадағы алшақтатып, әділдікті орындатпаса. Сондықтан да әлеуметтік бағдарланған үкімет, мемлекет дегеніміздің өзі - ең бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайын жоғары бағалайтын және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты нарықтық экономиканы құруға жұмыс жасау деген сөз. Сондықтан да ең бірінші кезекте халықтың табысын арттыру керек. Ең бірінші жасалу керек дүние осы.
- Кейбір белсенділер халықтың несиесін кешіру керек деп үн қатып жатыр. Бұған не дейсіз?
- Банкроттық заң қабылдану керек деп едім, оның жауабы солай шешіледі. Егер халықтың несиесін кешіру керек болса, заң аясында шешілу керек деп есептеймін Ал енді дәл қазіргі жағдайда егерде кешіру керек болса, бүкіл халықтың тұтынушы несиелерінің шығыны - 5 триллион теңгеден асады. Оның бәрін кешіруге қазір бюджетте ондай ақша жоқ. Ал банктердің өздеріне ондай талап қойсақ, онда банктер банкрот болады. Сондықтан осындай бір қиындық бар. Егерде әлеуметтік жағдайы өте қиын, әлеуметтік осал топтарды кешіру керек деп өзім де ойлаймын. Бірақ, егер тағы солай жасасақ, өткен жолы да әлуеметтік осал топты кешірген болатын. Сол кезде 4 баласы барларды кешірді, 3 баласы бар қиын жағдайда жүргендер өз уәждерін айтты. Қоғам әлеуметтік тағы бір шиеленіске тап болады. Қазіргі таңда қаржы қадағалау агенттігі бар олар сол азаматтардың істерін жеке, жеке қарастырып несиелерін кешіріп жатқан жағдайлар бар. Бірақ ол да масштабты болмайды. Ең зәру деген адамдардың несиелерін солай кешіруге болады деп есептеймін. Ал енді банкроттық туралы заң қабылданса, қиын жағдайға тап болған азаматтар, 2-3 миллион несиесі бар адамдар өтініш беріп, өздерін банкрот деп жарияласа солай несиесі кешірілетін болады деп есептеймін.