Ал Байзақова осындай танымалдыққа қол жеткізбей тұрғанда, қандай болып еді? Caravan.kz медиа-порталының тілшісі осы сұраққа жауап іздеп, аз-маз мәлімет тапты.
Ғаламтордағы тақыл-тұқыл деректерден білгеніміз, Айжан Байзақова 1995 жылдың 16 наурызында Алматыда туылған. Әке-шешесі оны таеквондо секциясына беріпті. Айжан осы спорт түрі бойынша көптеген медаль алған. 2009 жылы ол республикалық турнирде жеңіске жетті. Ал 2011 жылы Алматының чемпионы атанды. Бірақ 2012 жылы жарақат алғаннан кейін спортты тастап кетеді.
Айжан таеквондомен айналыса жүріп, отандық фильмдер мен телехикаялардан көрінді. Алғаш «Жаным» сериалында ойнаған. Одан кейін тағы 5 киножобаға түсті.
Айжан "Жаным" сериалының түсірілімінде. Yvision.kz
Біреудің тоқалы болғанша, сайқал болғаным артық - Айжан Байзақова
Айжан жоғары оқу орнына режиссер мамандығы бойынша түскен еді. Алайда оқуын тура 4-ші курста тастап кетті. Бұны өз бетімен білім алғысы келетіндігімен түсіндірген.
Ал өз бетімен білім алуы әлеуметтік желідегі парақшасында жалаңаш суреттерін жариялаумен басталған сияқты. Ол дәл осы қылығымен танымал болды. Сөйтіп, Қазнетте айтылатын ең көп әңгіменің кейіпкеріне айналды.
Тіпті ол темекі шеккен, алкогольдік ішімдік ішкен фотолары мен видеоларын да көпшілікке көрсетіп отырды.
Ал бір кездері Айжан мүлдем мұндай емес-тін. Қазір де жаман қыз емес сияқты. Ол жақында ғана әке-шешесі және бауырымен бірге түскен әп-әдемі суретін өзінің Telegram-каналына жариялады.