Жақсы адам болып тұрған шығармыз: "Qos like" тележобасының студиясы өрттен аман қалған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К басылымына сілтеме жасап хабарлаймыз.

"Qos like-тың" студиясы өртеніп кетіпті, жұрттың тілегі қабыл болды деп жатқандар үшін өкінішті жағдай. Сіздердің армандарыңыз орындалмай қалды. Біз аманбыз. Студия орнында. Ғимараттың сырты өртенгенімен, біздің студиямыз аман қалды. Қандай күштердің арқасында екенін білмеймін, студиямыз сап-сау. Бәлкім, біз жақсы адам болып тұрған шығармыз", — дейді "Qos like" бағдарламасының жүргізушісі Диана Скатова.

Бұған дейін Алматыда 5-6 қаңтардағы бүлік кезінде отандық телеарналардың бірінен шығатын "Qos Like" және "Бір болайық" ("Қалаулымның" жалғасы) бағдарламаларының студиясына шабуыл жасалғанын жазғанбыз.