Еліміздегі ең жас аудан әкімі бұған дейін Астананың коммуналдық шаруашылық басқармасына жетекшілік еткен. Оның алдында Алматы ауданының әкімі болды. Ол кезде кіші Кулагин небары 26 жаста еді. Жас шенеунікті жауапты лауазымға тағайындаған Астананың әкімі Әділбек Жақсыбеков оған үлкен үміт артып отырғанға ұқсайды. Әрі жайлы орынтаққа қайта жайғасқан Павел Кулагиннің тірегі де мықты. Ол – Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің ұлы.
Loading...