Ертең Әл-Куәйттен Алматыға Азиада алауы жеткізілетінін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. Даңқты спортшы 30 қаңтарда Азиада ойындарының салтанатты ашылуы өтетін Астанаға Алауды жеткізетін эстафетаның қатысушысы болып табылады. «Азиада алаугері атану - мен үшін үлкен құрмет. Артылып отырған сенімді Қазақстан спортының ардагерлеріне көрсетілген құрмет деп бағалаймын», -деді ағынан жарылған чемпион.