Жақын уақытта ҚР жыл сайын еңбек нарығында кәсіби білікті 100-150 мың маманға сұраныс болады

"Жасалған есеп -қисаптар мен болжамдар бойынша ҚР қазіргі уақытта жыл сайын 100 мың жұмыс орны құрылады. Бұл соңғы екі жылдың статистикалық деректері. Индустриалық-инновациялық даму стратегиясы және Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы бағдарламасына сәйкес, жыл сайын еңбек нарығында шашамен 100-150 мың білікті маманға сұраныс болады ", - деді Е. Рахымбергенов.

Оның сөздері бойынша, экономика ішкі және сыртқы резервтер есебінен кәсіби жұмыс күшімен қамтамасыз етіледі. "Ішкі резервте 579 мың жұмыссыз адам бар, соның ішінде 21 жасқа дейінгі 100 мың адам бар", - деп толықтырды министрліктің өкілі.

"Өкінішке орай, құрылымдық сарап қорытындылары көрсеткеніндей,жұмыссыздардың үштен бір бөлігі ешқашан жұмыс істемегендер, соншасы бір жылдан бері жұмыс істемеген, әрине осы уақыт аралығында олар өздерінің біліктілігінен, тәжірибесінен аздап айрылды деуге болады ", - деп атап өтті Е. Рахымбергенов.

Ол түсіндіргеніндей, Қазақстандағы 2,6 млн адам өз бетімен жұмыс істейтіндер, соның ішінде 1,3 млн адамы үй ауласындағы жұмыстарды атқарады. " Бұл категориядағы адамдар, жұмыспен қамтылған деп саналғанымен, олардың тұрақты табысы жоқ. Сондықтан бұл тұлғаларды біз резервке алып, оларға кәсіби білім беру еңбек министрлігінің ғаламдық мақсаттарының бірі болып отыр", -деді шенеунік.

Ол сыртқы резервтерге оралмандар мен шетелдік жұмыс күшін жатқызды. Министрліктің өкілі айтқан мәліметтер бойынша, өткен жылы ҚР еңбек қызметін атқару үшін 50 мыңнан аса шетелдік жұмыс күші жұмылдырылды.

"Бүгінде Қазақстанда кәсіби қайта білім беру жүйесінің еңбек нарығындағы сұранысы мен ұсынысы жағынан кемшіліктері бар", - деп атап өтті Е. Рахымбергенов.

Оның мәліметтері бойынша, шетелден жұмылдырылған жұмыс күшінің 50 % Түркия азаматтары құраған және олардың басым бөлігі республиканың құрылыс секторында жұмыс істеуде. Өйткені , "Қазақстандағы оқу жүйесі бұл экономика секторындағы сұранысты өтей алмай отыр".

Е. Рахымбергеновтың пікірі бойынша, елдегі "жұмыс берушілер өздеріне қажетті білікті мамандарды анықтап, оларға қойылатын талаптарды белгілеуі керек. Сол арқылы ерекше қайта оқыту жүйесі құрылып, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдік жағдайы орнығады ".