"Біз жақын уақытта тарифті (теміржол көлігімен жүк тасымалдау - "Қазақстан Бүгін" агенттігінің ескертпесі) көтеруді жоспарлап отырғамыз жоқ. Себебі бұл баға құрауға барынша әсер ете алатын Қазақстандағы бірден-бір көлік түрі", - деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Ресейге қарағанда Қазақстанда облыс аралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдау тарифтері бидай бойынша екі есе, көмір бойынша - 57%, цемент бойынша - 22 %, металл өткізу бойынша 26 %, темір рудасы бойынша - 55 пайызға кем екендігін жеткізді.
"Егер Украинамен салыстырар болсақ, бидау тасымалдау тарифі 70 пайызға, көмір бойынша 36 пайызға және өзге де тауарлар үшін осындай мөлшерде төмен", - деп сөзін жалғастырды вице-министр. "Халықаралық қатынастар бойынша да біздің жүк тасымалымыз еселеп төмен. Тіпті Өзбекстан мен Түркіменстаннан да төмен", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті