Қазақстан құрамасының бұрынғы боксшылары Біржан Жақыпов пен Берік Абдрахманов өздерінің спорттық мансаптарын әуесқой деңгейде аяқтады. Бұл туралы ұлттық команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа сілтеме жасай отырып, Vesti.kz хабарлайды.
49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген 32 жастағы Жақыпов үш рет Олимпиада ойындарына (2008, 2012 және 2016) қатысып, оның барлығының ширек финалында жеңілген. Оның жетістіктеріні арасында 2013 жылғы әлем чемпионы титулы, 2005 жылғы әлемдік біріншілікте қола медаль, Азия чемпионатында (2010, 2014) күміс жүлделерді және бірнеше Қазақстан чемпионы титулын жеңіп алған. Жақын арада Жақыпов Шымкент қаласындағы спорт мектебінің мектеп директоры болады деп күтілуде.
30 келіге дейінге салмақ дәрежесінде шығып жүрген 30 жастағы Абдрахманов Олимпиада-2016-да бірінші жекпе-жекте америкалық Карлос Балдерамасудан жеңіліп қалған. Боксшысы үшін 2013 жыл ең табысты болды. Ол Азия чемпионы болып, Алматыдағы әлем чемпионында қола ұтып алды.