"Жарақат алып қалыпты": Елена Рыбакинаның Ұлттық құрамада ойнамайтыны белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Танымал журналисттің мәлімдеуінше, Рыбакина жарақат алуы себебінен алдағы уақытта ұлттық құрамада ойнамаймын деп шешкен.

"Жарақат алып қалыпты! Әлемнің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина алдағы жарыста ел құрамасының сапында ойнай алмайды. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, спортшы жарақат алған.

«Жаттықтырушылар штабының ақпаратына сәйкес, Елена Рыбакинаның емделіп, қалпына келуіне кемінде екі апта қажет. Осыған байланысты спортшы Қытайда өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыса алмайды. Алдағы уақытта Елена Рыбакина үшін басты басымдық – денсаулығын қалпына келтіріп, толыққанды жаттығу жұмыстарына оралу», – делінген федерация мәлімдемесінде", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина әлемнің үздік теннисшісі атанған еді. Бұл спортшының ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге бас тартқан алғашқы оқиғасы емес. Бұған дейін де спортшы жарақатына байланысты ұлттық құрамада маңызды жарыстарда өнер көрсетпеген болатын.