"Жаратқанның жарылқағанына мың да бір шүкір": Нұрғали Нүсіпжанов өзінен бірнеше жас кіші әйелі туралы

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі жылы жазбасымен желідегі парақшасында бөлісті.

"Жаратқанның жарылқағанына мың да бір шүкір… Бүгінгі күніме шүкір… Арайлап атқан ақ таңды аман-сау қарсы алғаныма, жылы күннің шапағат-шуағына шомып, саф таза ауаны жұтқаныма шүкір,көк аспан мен табиғаттың сан алуан сұлулығын көргеніме, сезінгеніме сансыз шүкір…

Пендеміз ғой, бақытты алыстан іздейміз. Бірак шын мәнінде, бақыт күн сайын кездесетін қарапайым нығметтердің ішінде ғой… Сондықтан әр күнім үшін, әр демім үшін, өмір сыйлаған әр сәт үшін Аллаға тағы да, тағы да Аллаға
шексіз шүкір айтамын…

Шүкіршілік еткен жүрек, кешірімшіл кең жүрек еш уақытта кедей болмайды. Барға разы болған жанның
бақыты да, берекеті де арта береді… Өз басым осы тәмсілге кәміл сенем", - деп жазды өнер иесі.