Жарболсын Құндақбаев ардагерлер арасында кір тасын көтеруден Әлем және Еуропа чемпионы атанды


Төрткүл әлемнің тарландары бас қосқан жарыста Сыр бойынан барған ардагер спортшы 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, 3 рет алтын медальді омырауына қадады. Бәсеке барысында 74 жастағы ақсақал әуелі 12 келі кір тасын серпуде -26, жұлқуда 27 мәрте көтерді. Бұл оған жаһандық жарыстың екі бірдей алтын медалін сыйлады. Бұдан кейін Еуропа чемпионатында топ жарды.