Жәркенттегі әскери бөлімде 12 пәтерлі тұрғын үй өртке оранды. Зардап шеккендер мен мерттіккендер жоқ



Төтенше жағдай Қорғаныс министрлігінің 74261 әскери бөлімінің офицерлер қалашығында 17 шілде күні түнде тіркелді. Өрттің шығуына газды сұйықтықтың жануы себеп болған.

Тілсіз жау 535 шаршы метрді шарпыған. Баспасөз-қызметі, екі қабатты тұрғын үйдің 1970 жылы ағаштан тұрғызылғанын хабарлайды.

Өрт сегіз сағаттан кейін ауыздықталды. Материалдық шығын көлемі 1 млн. 182 мың 800 теңге.

Төтенше жағдайлар министрлігі «тілсіз жау газ жабдығын дұрыс қолданбағандықтан шықты», - деген қортынды жасады.