Жармахан Тұяқбай лингвистикалық комиссияға қазақ тілінен емтихан тапсырды



"Сынақтың үш бағыты бойынша да комиссия мені қазақ тілін жеттік меңгерген деп бағалады",- деді Ж.Тұяқбай емтиханнан кейін журналистерге берген сұхбатында.
Қазақстан заңдарына сәйкес ел президенттігінен үміткерлердің бәрі де мемлекеттік тілді еркін меңгерген болуға тиіс. Бұл талапты тексеру үшін арнаулы лингвистикалық комиссия құрылады. Емтихан барысында үміткерлер берілген тақырыпқа шығарма жазып, сұрақтарға қазақша жауап беріп, қазақ тілінде 15 минут сөз сөйлеуге тиіс.
Өздеріңізге мәлім, Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанында өтеді.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті