«Жарты Қазақстан сонда жүр»: Айнұр Тұрсынбаева немересінің бесік тойын дүркіретіп атап өтті

Ақынның қуанышына көптеген өнер иелері қатысқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі болғандай ақынның немересінің бесік тойына көптеген өнер иелері қатысқан. Өнер иелері мен танымал журналистер Тұрсынбаевның немересіне арналған жүрекжарды тілектерімен желіде бөлісті.

Бір қызығы, Orda.kz басылымының бас редакторы Гүлнар Бажкенова да дүбірлі тойдан қалыс қалмаған. Ол Айнұр Тұрсынбаеваның құдағиы болып шықты.

«Бір жыл бұрын біз тойда, сосын құдалық, енді міне бесік тойда тойлатып жүрміз. Бір жыл бұрын әпкемнің қызы Айнұр Тұрсынбаеваның ұлына тұрмысқа шыққан болатын. Енді міне қазақ еліне плюс бір батыр. Шын жүректен құттықтаймын», деп жазды ол.


Желі қолданушылары да сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, айтыскер ақынның отбасына жылы тілектерін жаудырған.