"Жарығым сөнді": Әнші Нұрлан Өнербаев суыт хабармен бөлісті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші суыт хабармен желідегі парақшасында бөлісті.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жас жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», - деп жазды Нұрлан Өнербай.

Әншінің анасы 85 жасқа қараған шағында дүниеден өткен. Желі қолданушылары әншіні қолдап, иман байлығын тілеп жатыр.