Жарықтан ажыратылады: алматылықтардың электр энергиясына қарызы 1 млрд теңгеден асқан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Алатау Жарық Компаниясы" Алматыда электр энергиясы үшін берешекті өндіру шараларын күшейтеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

12 мамырдан бастап "Алатау Жарық Компаниясы" – "ЭнергоСбыт" АҚ филиалы мерзімі өткен төлемдері бар тұтынушыларға қатысты электрмен жабдықтауды шектеу шараларын кезең-кезеңімен енгізеді.

"Іс-шаралар күн сайын сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі және тек қарыздары бар мекенжайларда болады. Электрмен жабдықтау қарызды толық төлегенге дейін уақытша тоқтатылады. Борышкерлермен өзара іс-қимыл мүлік иелерінің бірлестіктері және тұрғын үй кооперативтері арқылы жүзеге асырылады, бұл адал тұтынушылар үшін қолайсыздықты барынша азайтуға мүмкіндік береді", - дейді компания.

Мамандардың айтуынша, электр энергиясын беруді уақытша шектеу – шарт талаптарын бұзатын тұтынушыларға қатысты ең тиімді шара.

"Бүгінгі таңда Алматыда тұтынушылар арасындағы жиынтық берешек 1,2 миллиард теңге болды. Абоненттерге берешектің бар-жоғын алдын ала тексеріп, ақпаратты нақтылау үшін өз мүлік иелерінің бірлестіктеріне немесе 356-99-99 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына тікелей жүгіну керек", - дейді "Алатау Жарық Компаниясы"

Абоненттерге берешектің бар-жоғын алдын ала тексеріп, ақпаратты нақтылау үшін өз мүлік иелерінің бірлестіктеріне жүгіну ұсынылады.