Жарылыс қаупінен шошыған жолаушылар ұшақтан секірді

Бұл оқиға Австралияның Олбери әуежайындағы ұшып-қону жолағында болды. Келеңсіз жағдайдан кейін хабарламаны қалдырды деп күдіктелген жолаушылардың бірі қамауға алынды.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ бортында дүрбелең шыққаннан кейін, әлдекім: "Жүктеріңізді тастаңыздар. Тез шығар есікке қарай жүгіріңдер, жүгіріңдер!",- деп айқайлаған.