8-желтоқсан, сәрсенбіде Кемероводан екі сарапшы, атап айтсақ, техника ғылымдарының докторы Вячеслав Мурашов пен тау-кен ісі жөніндегі Шығыс ҒЗИ-ның бас маманы Александр Кравченко келді. В.Мурашов осы тектес апаттарды зерттеуші ең тәжірибелі маманға саналады. Метан газы шығу себептерін зерттеумен 40 жылдан бері шұғылданып келе жатқан ол соңғы жылдары Кемеровода осындай 8 комиссияның жұмысына атсалысқан.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-желтоқсанда 3 сағат 15 минутта Қарағанды облысында "Испат-Кармет" АҚ-ына қарасты "Шахтинская" көмір кенішінде жарылыс шықты. Метан жарылысы салдарынан 23 адам мерт болды.
Ал қазір "Шахтинская" көмір кенішінде жарылыстың салдарын арылту жұмыстары жалғасуда. Өнім өндіру жұмыстары әзірге басталған жоқ.