Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Естеріңізде болса, бұған дейін Мөлдір Мұқан бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен араласпайтынын, екеуі екі жақта тұратынын айтқан еді.
Ол тұнғыш қызы Әдеміні Тұрсынбекпен бірге күтіп алғанын айтты. Бұған қоса қыздары сыйлаған 501 ақ раушан гүлдерін Тұрсынбектің беріп жібергенін де жасырмады.
“Әкелері беріп жіберуі керек. Қыздардан сұрасам айтпай қойды. Қызым Әдеміні әуежайдан күтіп алғанда Тұрсынбекті 1 жарым жылдан кейін бірінші рет көрдім. Амандастық. Сәлеміміз түзу болды”, - деді өнер иесі.
Көпшілік әншінің бұл мәлімдемесіне түрлі пікір білдірді.
“Тұрсын сияқты мықты біреу жолықсын”, “Құрсыншы ары! Одан да жақсы жігіт тауып ал!”, “Тасташы ондай сатқын байдың не керегі бар”, “Алла қаласа бәрі жақсы болады”, “Қадіріңді білмегенге қарауға да тұрмайды”, - деп жазды оқырмандар.
Сонымен бірге олар қазір қайта күйеуге шығу сәнге айналғанын, дегенмен Мөлдір Мұқанға қайта тұрмыс құрмаған жөн екенін алға тартқан.
"Мөлдір. Еш мойыма. Бұны тағыдыр дейді. Мықты бол. Ең керегі денсаулығың мен балаларыңның жақсы азамат болып өсуі. Күйеуі басқа әйелге кеткен сен алғашқысы, соңысы емессің . Иә, қыймайсың, сағынасың сол күндерді. Бәрі өткінші. Кейбіреулер пікір жазуда. Тұрсынбектенде мықтысын табасың деп. Мен қарсымын. Бес перзентіңнің жүрегіне екінші ауырлық салма. Күйеусізде өмір сүруге болады. Балаларыңның мейірім, махаббат,жақсы көруінен артық ештеңе жоқ. Перзенттерің плдында биік болып тұрасың. Жарыса байға тиіу кәзір жарыс( мода) сияқты. Керек емес. Шынайы өмір сүр. Өтірік ыржиып балаңды құшақтайтын, бір өз басының қамында жүрген еркектерге алданба. Бақытың, өмірің, қуанышың балаларың", - деп жазған оқырмандардың бірі.