Осы өзгеріске қатысты мән-жайды білу үшін Рысбек Сәрсенбайға хабарластық, деп жазады Ratel.kz тілшісі. Ал ол бүгін қызметтен кеткенін айтқан.
"Расымен де құрылтайшылар осындай шешім қабылдады. Газет акцияларының 75 пайызы Салтанат Атушеваға (Алтынбек Сәрсенбаевтың жесірі - ред.) тиесілі, менде әзірге 25 пайызы бар. Сондықтан ол өзі шешім қабылдауға хақылы. Ресми түрде маған газет таралымы азайды немесе оның онлайн-нұсқасын дамытпады деген кінә тағылуы мүмкін. Бірақ, негізі, оған (Атушеваға - ред.) бұл тұрғыда қысым жасалған сияқты" дейді бұрынғы бас редактор.
Рысбек Сәрсенбайдың айтуынша, оның 42 жастағы ұлы - Нұрлан Сәрсенбаевтың журналистік тәжірибесі жоқ. Бұрын ол Қазақстанның түрлі елдердегі елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарыпты.