"Жас әрі аңқау қыздарды таңдайды": Құлдықтан босап шыққан блогер алаяқтардың қалай тұзаққа түсіретіні жайлы айтып берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер әлеуметтік желідегі өз парақшасында жақындарыңызды түрлі компаниялардың алдап-арбауынан сақ болу үшін толық айтып беруім керек деді.  

"Жұмыстың бәрі интернет арқылы іске асады. Сіздің сеніміңізге кіруге барынша тырысады. Алдымен түріне, біліміне қарайды. Жас, әрі аңқауларды таңдайды. Тұратын жері мен тамағын қамтамасыз ететіндерін айтады.

Оңтүстік Кореяда, Қытайда жұмыс жасуға мүмкіндіктер бар. Айлығы өте жақсы, жоғары, деп қызықтырады. 

Сеніп қалатындары вакансия сұрай бастады. Олар да қулыққа көшеді. Алдымен өкінішке орай сіз сұраған жерде жұмыс жоқ екен, базадан қарап көрейін деп, вакансия Тайландтан ығып тұр деп, өздерінің шаруаларына көшеді. 

Сөйтіп, олар өз дегенін жасайды. Тайландқа құжат дайындап, ақыр аяғында бір елдің түкпіріне айдап жібереді", деп, блогер өзін осы құлдықтан құтқарған ағасының ақпараттарымен бөлісті. 


"Өз жақындарыңызды осындай жағдайлардан қорғаңыздар, сақ болыңыздар" деп жазды ол.