Жас дзюдошыларымыз Түркиядан 10 медаль олжалап қайтты

Түркиядан жас дзюдошыларымыз 10 медаль олжалап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Анталия қаласында 4-6 наурыз күндері өткен жасөспірімдер арасындағы  Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні қазақстандық дзюдошылар 4 қола медальға қол жеткізді. Олар: Шынтас Серікболсын (81 кг) Сәдуақас Бекарыс (90 кг), Шархан Нұрлыхан (+90 кг) және Саера Мырзахметова (63 кг). Естеріңізге сала кетсек, кеше жарыстың алғашқы күні балуандарымыз 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальді иеленген болатын. Жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына жалпы 10 медаль түсті.