Еліміздің іргелі оқу орындарынан жиналған ғалымдар халықаралық көрменің Қазақстан үшін тиімділігіне баса назар аударды. «Болашақтың энергиясы» жобасы арқылы балама энергия көздерін табу, «жасыл экономиканы» жандандыру туралы ойларын ортаға салды. Көрменің басталуына 3 жыл қалғанын ескерсек, алда қыруар жұмыстар күтіп тұр. Сарапшылар бірінші кезекте отандық ғылымның деңгейін көтеру керек деген пікірде.
Перизат Орынбет, Халықаралық Бизнес академиясының оқытушысы:
– «Жасыл экономиканы» дамыту, балама энергия көздерін ашу экономикамыздың жаңғыруына үлкен үлесін қосады. Егер де осыны толықтай игеретін болсақ, болашақта Қазақстан үшін қол жетпес байлық көзі болар еді.