Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол ер азаматтар дүние-мүлкін бала-шағасына қалдыру керегін айтты.
«Жас иістің» құны қандай болу керек
«Жас иіс» аңсап, әйелімен ажырасатын еркек дүние-мүлкін бала-шағасын тастап кеткені жөн. Бұл моралдық тұрғыдан да, заң тұрғысынан дұрыс шешім. Еркекте осындай түсінік болса, ажырасқанда үйінен көйлек-көншегі салынған түйіншегін ғана көтеріп кетуге дайын болса, онда Маңғыстау өңірінде әйелін ұрып өлтірген еркектің жауыздығы, Әйтеновтің «мелодрамасы» болмас па еді?!. Анау Қ.Бишімбаев та ұрлап-жырымдап жиған дүние-мүлкін шешесінің, туыстарының намына жазып тастаған, типа өзі «тақыр кедей». Марқұм Салтанатпен арадағы ұрыс-керістің себебі де осында сияқты. Ақыры не болды – Салтанатты айуандықпен ұрып өлтірді, өзі түрмеге кетті...
Жалпы, «тоқал алам» деп бала-шағасын тастап кеткен еркектің дүние-мүлкін бұрынғы отбасына қалдыруды міндеттейтін арнайы заң керек. Сонда Бишімбаев, Әйтенов секілділер «бір жерін» қысып, «бетегеден биік, жусаннан аласа» болып тыныш жүреді. Әйтпесе, осындай «мелодрамалардан» қазақ қоғамы көз ашпайды, қазақтардың мынау өмірдегі арман-мұраты «тоқалдану» болып қала бермек.
Эх, тоқал аңсаған заман-ай", деп жазды.
"Соны айтам. Көтің шыдамай ма бір қатын мен бол. Болмаса шабаданыңды арқала да шығып кет сіз айтқандай", "Дәл солай болуы керек бауырым", "Неғып ажырасу керек? Бәйбішесінің, бала-шағасының келісімін(разылығын) алып, алса болмай ма?", деп қолдау білдірді оқырмандары.