"Жас кезінде әдемі болмаған": Өнер жұлдыздарының ескі суреттері желідегілерді таңырқатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Елімізге белгілі, танымал өнер жұлдыздары әлеуметтік желілерге жас кезіндегі суреттерін жариялауда.

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдраймов: 


"Байқасаңыздар монологтарымда - "біздің кезімізде" деген сөзді көп айтамын, мынау сол кезім ғой. Алматы қаласы, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүрген кезім. Кімге ұқсаттыңыздар?" деп жазды ол.

Баян Мақсатқызы өзінің "Махаббат станциясы" фильмінде түскен суретін жариялады.

Желі оқырмандары:  "Өте әдемісіз", "Табиғи сұлусыз", "Әлі де сол бойы", "Керемет" - деген пікірлер қалдырды.

Айгүл Иманбаева да жас кезіндегі суретін инстаграм парақшасына салды. "Архив. Неше жаста екенім есімде жоқ" - деп жазба қалдырды ол.


 
 
Ал, "Жұлдыздар әлемі" парақшасы: "Мадинадан басқа кімді таныдыңыздар" - деген мәтінмен сурет жариялады.
 
 
Суретте Мадина Садуақасовадан бөлек Гүлнұр Оразымбетованың жас кездегі суреті де бар.
 
Өнер иелерінің жас кездеріндегі суреттерін көрген кейбір оқырмандар таңданыстарын жасыра алмады. Кейбірі "жас кезінде әдемі болмаған, кейін өзгеріпті" десе, енді бірі "жас кездегі табиғи сұлулық, неткен керемет" деген мағынада пікір қалдырған.