Бірақ бұл өз қателіктерінен сабақ алатын және күрделі кедергілерді жеңе отырып, үнемі алға ұмтылатын қайсар тұлғаларға қатысты емес.
Ондай адамдардың қатарына Фараби Самаликовты да жатқызуға болады. Атырау қаласынан келген ерекше ақылды бала досы Мұхтар Оразбаймен бірге жас өнертапқыштар.
Екеуі «FM Team» командасын құрып, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған робототехникадан «KazRoboProject» жас конструкторлар байқауына қатысады. Жас өнертапқыш жеткіншектер ерекше қажеттіліктері бар адамдардың аяқ-қолын оңалтуға арналған белсенді-пассивті тренажер ойлап тапты.
Байқауда керемет өнер көрсетіп, олар «Концепт» номинациясында бірінші орын алды. Өз өнертабысының мәні мен практикалық маңыздылығы туралы Фараби Самаликов былай әңгімелейді: «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тренажер жасау идеясы кездейсоқ келген жоқ. Мен өзім сал ауруына шалдыққандар қатарынанмын. Сондықтан мен өзім сияқты және басқа аурулардан зардап шегетін адамдар үшін жаттығудың қаншалықты маңызды екенін білемін».
Оның айтуынша, олардың белсенді және пассивті тренажерын үнемі қолдану бұлшықет атрофиясын төмендетуге, физикалық күшті арттыруға көмектеседі. Құрылғы басқа елдерге қарағанда әлдеқайда арзан. Ал Қазақстанда мұндай құрылғыға сұраныс көп.
Айта кету керек, Фараби мен Мұхтар тренажердың моделін жасап қана қоймай, оны жан-жақты сынақтан өткізуді де ойластырған.
- Даму жоспары дайын тұр. Оның жүзеге асуын 4 кезеңге бөлдік. Бірінші кезеңде - прототип жасаймыз. Екінші кезеңде алғашқы сынақтан өтеді. Бұдан әрі анықталған ескертулерді ескере отырып, технологияны жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Ал тестілеуді Атыраудағы «Болашақ» оңалту орталығының базасында өткіземіз деп отырмыз, - дейді Фараби.
Кейбір физикалық кемшіліктер оған мақсатына жетуге себеп бола алған жоқ. Фараби білімге қүштар және әрі қарай дамуға өз бойынан күш тапты. Қайсарлығының арқасында ол алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, республикалық байқауда жеңіске жетті.
- Өмірде кез-келген нәрсе болуы мүмкін, бірақ ешқашан үмітіңізді үзбеңіз. Өйткені, адам алдында үлкен мақсат қоюы керек. Ол сенің алға жылжуыңа және дамуыңа көмектеседі, - деп атап өтті Фараби.