"Жас Отан" ел жастарын біріктіру функциясын өзіне жүктеп алуға тиіс - Н.Назарбаев

"Бүгінде елімізде жастардың 720 ұйымы жұмыс істейді, олардың іс-қызметіне 1,2 млн адам қатысуда. "Жас Отан" партияның жай ғана жастар қанаты ретінде ғана қалмай, жастардың кең ауқымды коалициясының түпқазығына айналып, осы коалицияға бірігуге барлық жастар ұйымдарын шақыруға тиіс", - деп мәлімдеді президент.

"Мәслихаттар мен әкімшіліктердің жанынан жастар кеңестерін құрыңыздар, мемлекет сіздердің азаматтық белсенділіктеріңізді қолайды", - деп сендірді президент.

Ол жастарды ардагерлер мен өз ата-аналарын қамқорлыққа алуға шақырды. "Жастық та зулап өте шығады, аға буынға сендер қалай қарасаңдар, сендердің балаларың да сендерге солай қарайтыынн естен шығармаңдар", - деді Н. Назарбаев.

"Партияның арнаулы бағдарламасын жасап, оны "Жастардың Отанға берері" деп атау керек, деді мемлекет басшысы. Ол сондай-ақ, "Жас Отанды" жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқынды басқаруға шақырды. "Студенттердің өзі оңай жолды іздеп, ақша төлеп диплом ала салуға тырысатындықтан жоғары оқу оырнбарында сыбайлас жемқорлық көп. Қазір мұндай дипломның қажеті қанша? Ол қандайбір компанияға келгенімен, үш ай өтпей жатып оның біліксіздігі белгілі болады", - деді мемлекет басшысы.

"Қазіргі уақытта әр адам бәсекеге қабілетті болуға тиіс", -деп қорытты ол.