"Жас Отан" Қазақстандағы жоғары оқу орындарының жемқорлыққа бой алдыру жағдайына рейтинг өткізбекші

"Жастар қанатының сайтында еліміздегі жоғары оқу орындарының жемқорлыққа бой алдыру жағдайына рейтинг жүргізілетін болады", - деді В. Сергеев.

Оның айтуынша, "сайтқа әрбір студент кіріп, өз ойынша еліміздегі ең сыбайлас жемқорлық жайлаған жоғары оқу орны туралы өз пікірін білдіре алады". "Бұл форумда жастарға сыбайлас жемқорлық деректері туралы ақпаратты жария етуге мүмкіндік беріледі, бұл әрбір оқытушы үшін толғануға мүмкіндік", - деді ол.

"Әрине, біз бұл рейтингтің кері жағын да ойлап түсініп отырмыз, студент тарапынан әлдебір өштік немесе қыжыл болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Бірақ, студент білетін ақпаратты немесе оның пікірін еркін ортаға салуына біз тыйым сала алмаймыз", - деді В. Сергеев.

Сол арқылы "жоғары оқу орындарында болып жатқан ахуал жайлы барлық ақпарат жарық көретін бір ақпарттық ресурсты пайдалану дұрыс болмақ",- деді ол.