«Жас қанат»: Павлодар пединститутының қызметкері «Қола қанат» жүлдегері атанды

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Беделді байқауға еліміздің 10 аймағынан 15 вокалист қатысты.

Гүлмира Жұмабекова - ПМПИ түлегі, осыдан бес жыл бұрын облыстық «Мөлдір таза дауыс» эстрадалық ән байқауының лауреаты атанған. Келесі жылы Халықаралық эстрадалық орындаушылардың «Ертіс жұлдыздары» байқауында үшінші орынды иеленді. Ал республикалық вокал байқауында Аманжол Шамкеновтың сөзіне жазылған әнді орындағаны үшін бас жүлдені алды.

Сондай-ақ, павлодарлық әнші қыз 2009 жылы республикалық «Ретро-ән» байқауында жүлдегерлер қатарында болды.